ГлавноеМангистауская область
Ақтауда құлаған ұшақта барлығы неше жолаушы болғаны белгілі болды — ресми ақпарат
Ақтауда құлаған ұшақта барлығы 72 адам болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy haqqin.az-ға сілтеме жасап.
Әзірбайжан ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ бортында 67 жолаушы 5 экипаж мүшесі болған. Апат орнына жеке құрамнан 52 адам және Қазақстан ТЖМ техникасының 11 бірлігі келді.
Бұған дейін, бортта 105 адамға дейін болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Әзербайжан авиакомпаниясы бұл ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.
Мәліметтерге сәйкес, ұшақ Баку-Грозный рейсін орындаған.