Мангистауская область
Ақтауда жүріп келе жатқан көліктен бала домалап түсіп қалды (ВИДЕО)
Ақтауда жүріп келе жатқан көліктен бала домалап кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жақын маңда тұрған көліктің бақылау камерасына бұл оқиға жазылып қалған. Видео әлеуметтік желіде пабликтің бірінде жарияланды.
Жүріп келе жатқан көлік бұрылған сәтте, көшенің қақ ортасында, балақай алдыңғы есіктен жерге домалап түсіп қалған. Көлікті жүргізіп отырған әйел бірден тоқтап, баланы алуға жүгірген. Абырой болғанда, бала аман, өтіп бара жатқан автобустың дөңгелектерінің астына түскен жоқ.
Редакция аймақ полициясының баспасөз қызметінен түсініктеме күтеді.