Мангистауская область
Ақтауда инкассатор 10 млн теңге ұрлап, банк ғимаратының жертөлесінде өзін басынан атқан
Ақтау қаласында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, артынша суицид жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Lada.kz басылымы WhatsApp мессенждерінде тараған ақпаратты жариялады. Оқиға кеше болған.
1981 жылғы инкассатор банк ғимаратында 10 миллион теңге ұрлаған. Кейін сол ғимараттың жертөлесіне жасырынып, табельдік қарумен өзін басынан атқан.
«Тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді», — деп мәлімдеді Ақтаудың полиция басқармасы.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.