Мангистауская область
Ақтауда еңгезердей ер адам туған анасын сабап тастаған (ВИДЕО)
Ақтау қаласында еңгезердей ер адам араққа мас болып, анасын сабап тастаған. Жергілікті полиция оны қалай қолға түсіргенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция оны қолға түсіріп, қамаған
«Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы 1 тармағы бойынша ұсталды. Ол ішімдікке мас күйінде анасын сабаған», — деп хабарлады Ақтау полициясы.
Айта кетейік, сот оны бұл бап бойынша кінәлі деп тапса, шешесін аямаған ер адам 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегіледі. Болмаса, сот оны екі жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.