Главное
Ақтауда биіктен құлаған әйелдің жұмбақ өлімі анықталып жатыр

Ақтауда жас әйел биіктен құлап кеткен. Желіде тараған мәліметке қарағанда, әйел банк қызметкері болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция марқұмның құқық қорғау саласында істеген деген ақпаратты теріске шығарды.
«Желіде тараған «қаза тапқан әйел полиция қызметкері болған» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді Маңғыстау облысы полиция департаментінен.
Әйелдің денесі қоқыс салатын жәшіктің жанынан табылған. Оның басы жартылай жәшікке кіріп жатыр. Үстінде қою көк түсті кеңсе стиліндегі көйлегі бар, аяқ киімі жоқ, қара капрон шұлық киген.