Мангистауская область

Ақтауда бетперде киген топтың жасөспірімдерді азаптаған тағы бір видеосы тарады

Олар екі жасөспірімді күштеп шешіндіріп, түрлі затпен аяусыз ұрып-соғып, тепкіге жыққан

Әлеуметтік желілерде ықтимал есірткі қоюшыларды азаптап-қорлағандардың тағы бір видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada басылымының жазуынша, кадрда бетперде киген жігіттер екі жасөспірімді күштеп шешіндіріп, асқан қатыгездікпен түрлі затпен ұрып-соғып, тепкіге жыққан.

«2022 жылдың 18 қыркүйегінде Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бетперде киген күдіктілердің екі азаматты аяусыз соққыға жығып, балтамен ұрғанын анықтады. Олардың осыған ұқсас басқа да әрекеттері бар екені белгілі болды», — деді Маңғыстау облысы бойынша ПД өкілдері.

Тақырыпқа орай: «Есірткі тасымалдаған»: желіде бір топ жігіттің жас баланы азаптаған видеосы тарады

Сондай-ақ ықтимал есірткі қоюшыларға шабуыл жасады деген күдіктілер сот шешімімен екі айға қамауға алынғаны хабарланды.


 

Другие новости

Back to top button