Мангистауская область
Ақтауда балаларды итбалық тістеп алды
11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген
Ақтау қаласының 14-шағын ауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«19 тамыз күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынды», — делінген хабарламада.
11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген.