Мангистауская область

Ақтауда атышулы Rixos қонақүйінің жанында тағы да құстар қырылып жатыр

Ақтауда атышулы Rixos қонақүйінің жанында құстар қырылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы Rixos қонақүйі маңынан өлген құстардың табылуына қатысты түсініктеме берді.

Инспекторлар қонақүй маңындағы жағалауды аралағанда бір аққудың, тағы алты үйректің өлексесін тапты.

Ведомство бұл оқиға туралы қала билігі мен Rixos әкімшілігіне хабарланғанын мәлім етті.

Қаракөл көлінде қазір 10-нан астам аққу мен басқа да құстар мекендейді. Каспий теңізінің жағалауында бірнеше құстың қырылуы құстардың әлсіреуінен табиғи түрде болды, дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы.

Жаппай қырылу болған жоқ, деп сендірді инспекция. Дегенмен, желтоқсан айының соңында Қаракөл көлінде Микробиология және вирусология орталығының мамандары зерттеу үшін өлген аққулар мен үйректерден сынама алған. Нәтижесі 10 қаңтарға дейін дайын болады.

Ведомство құстардың құс тұмауынан қырылуы мүмкін екеніне де болжам жасап отыр.

Айта кетейік, осыған дейін аққулардың жаппай қырылуына байланысты Маңғыстауда Rixos Aktau қонақүйіне қатысты іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button