Мангистауская область

Ақтауда әйел адам биіктен құлап мерт болды

Оқыс оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Ақтауда әйел адам көп қабатты үйден құлап, мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше қайғылы жағдай 13 шағынаудандағы 40-шы үйде болған.

«Сағат 13:21-де «102» нөміріндегі кезекшіге 13 шағынауданда адамның үйдің төбесінен құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Тергеу амалдары жүріп жатыр, — деп хабарлады полициядан.

Другие новости

Back to top button