Мангистауская область

Ақшұқырда баланы ит талап тастады: оқушы ауыр жағдайда жатыр

2009 жылғы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ол ауыр жағдайда жатыр. Полиция иттің иесін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Бұл жөнінде Маңғыстау облысындағы жергілікті бірнеше басылым ақпарат таратты. Лада.кз сайтының хабарлауынша, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназияның оқушысына ит тап берген. Оқиға бүгін, 21 қаңтарда, сағат 09:20 шамасында болған. Жәбірленуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Онда дәрігерлер 16 жастағы жасөспірімнің жағдайын ауыр екенін анықтаған.

Полиция қызметкерлері иттің иесін анықтады. Ит иесіне қатысты әкімшілік кодекстің 407-бабы (жануарларды ұстау ережелерін бұзу) бойынша хаттама толтырылған.

Ведомство сондай-ақ үй жануарларының иелеріне мұндай оқиғаларды болдырмас үшін оларды ұстау ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы Қалдаяқов көшесінде қаңғыбас иттердің өріп жүргені жөнінде видео тараған еді. Оны түсірген азамат “ананы қара, иттер шұбырып жүр” дейді. Көшеде оларды көрген адамдардың сескене өтіп бара жатқанын байқауға болады. Оқиғаға әкімдік түсініктеме берген.

Другие новости

Back to top button