Акмолинская область

Ақмола облысында мектептің жылыту қазандығы жарылып, үш адам зардап шекті

Бүгін Ақмола облысы Аршалы ауданында мектеп аумағында бөлек орналасқан қатты отынмен жанатын жылыту қазандығы жарылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 18 қараша сағат 12.18-де Аршалы ауылында Тәшенов атындағы орта мектеп аумағында орналасқан жеке қазандықта қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылған.

Салдарынан қазандық ғимараты опырылып құлаған. Өрт шықпаған.

ТЖМ хабарлауынша, оқиға орнынан үш адам — 1983 жылы туған шаруашылық меңгерушісі, 1990 жылы туған электрші және 1967 жылы туған от жағушы ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы есін біледі, қазір жағдайлары нақтылануда.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар Holmatro техникасы және ломның көмегімен зардап шеккендердің бірінің сол аяғын қысып қалған бетонды жылжытқанын атап өтті. Содан кейін автокран плитаны көтеріп, ер адамды үйінді астынан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Мектеп қашықтан оқытуға көшкен. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, төтенше жағдайдың салдарын жою және жылу беру шаралары жүргізілуде.

Другие новости

Back to top button