Акмолинская областьВыбор редакции
Ақмола облысында ер адам әйелін атып, баласын соққыға жығып, өзіне қол салды

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде болды. 60 жастағы ер адам әйелін атып, өзіне кедергі жасамақ болған ұлын соққыға жыққан.
Полицейлер келгенше, ол өзін атып тастапты. Марқұмның неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр. Жұбайының айтуынша, сұмдық оқиға болған күні күйеуімен арада ешқандай жанжал болмаған.

Ақмола облысында күйеуі әйелін атып, соңынан өзіне қол салды
© Polisia.kz
«Бұл фактілер ҚК-нің ҚК 24-бабы 3-бөлігі — 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», — делінген хабарламада.