Акмолинская область

Ақмола облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті

Жазатайым оқиға Аршалы ауданында болған

Ақмола облысында 5 жасар бала абайсызда екінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға Аршалы ауданында болған. Бұл туралы Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне ауылдық округ фельшері хабарласып, дәрігерлік амбулаторияға 2018 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған баланың түрлі дене жарақатымен түскенін хабарлаған.

«Белгілі болғандай, бес жасар бала әкесімен үйінде болған. Екінші қабатқа киімін ауыстыру үшін көтерілген. Өз бөлмесінің терезесінен қарамақшы болып, абайсызда құлап кетті», — деді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

Другие новости

Back to top button