ГлавноеГосорганы

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікті Адиндо Нонсоны Нигерия елі экстрадицияламай отыр

Алматы қалалық полициясы бұл азаматқа заңсыз аса ірі көлемдегі есірткі айналымын ұйымдастырды деген баппен іс қозғаған

Еліміздің Бас прокуратурасы Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікті ретінде ұсталған Адиндо Нонсо Фортунені Нигерия елі әлі күнге Қазақстанға экстрадицияламай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy informburo31-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, Адиндо Нонсо Фортуне осыдан тура жарты жыл бұрын Нигерияда ұсталған еді. Алматы қалалық полициясы бұл азаматқа заңсыз аса ірі көлемдегі есірткі айналымын ұйымдастырды деген баппен іс қозғаған болатын. Сондай-ақ, оны қамауда ұстап, елімізге экстрадициялау туралы материалдарды Нигерияға жолдаған. Ал бас прокуратураның өкілі Артур Ластаев Нигерия тарапы бұл мәселені әлі де қарастырып жатқанын жеткізді.

Естеріңізге салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button