Апаттың алдын алу. Автожолдардағы қауіпсіздік қалай сақталады?
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Айдос айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық маңызы бар жолдардағы апат деңгейін төмендету үшін компания жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді шараларды қабылдап жатыр. Оған жолдың жүріс бөлігін кеңейту және жол бойына қоршау орнату арқылы жолдарды қайта жаңарту, елді мекендерден өтетін айналма жолдарды салу, құрама биік жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату кіреді. Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында сапалы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастыру да маңызды, — деді ол.
Серік Айдостың айтуынша, бірқатар аймақта биік жаяу жүргіншілер өткелдерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Биыл Түркістан облысында үш жаңа биік жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді. Қозғалысы шектеулі адамдардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, әрбір көтерілген жаяу жүргінші өткелінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар мен көтергіштер орнатылған. Соңғы үш жылда бір ғана Түркістан облысында алты жаяу жүргінші жолы салынды. Жыл соңына дейін Алматы облысында «Алматы-Бішкек» және «Алматы-Қорғас» тас жолдарында бес жаңа жаяу жүргіншілер өткелдері пайдалануға беріледі, — деді Серік Айдос.
Сондай-ақ 2022 жылы үй жануарларына соқтығудың алдын алу мақсатында жол жүру бөлігіне жануарлардың өтуіне жол бермеуге арналған мал өткелдерін салуға және торлы қоршауларды орнатуға баса назар аударылып отыр.
Мәселен, бүгінгі таңда республикалық маңызы бар жолдарда 319 ірі қара өткелі және 1,1 мың метр мал өткізетін желілік жолдар реттелді, — деді ол.