Апат салдарынан Теміртау мен Риддер тұрғындары салқын пәтерлерінде тоңып жатқандарын айтып шағымданды
Теміртауда ҚарГРЭС-1 багерлік сорғы апатты жағдайда ажыратылды, ал Риддерде БШМ кабелі үзілді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Құрметті қала тұрғындары, ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температура графигін теңестіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – делінген қала әкімдігінің таратқан ақпаратында.
Қала тұрғындарын жылдан жылға осындай келеңсіздіктер қайталанып жатқаны ашуландырған.
“Далада аяз, біз жылусыз қалдық, егер жүйе қатып қалса, кім қалпына келтіреді?”, “Жыл сайын қайталанатын бір жағдай, құдайым осы қыстан аман алып шықсыншы”, – деп жазып жатыр тұрғындар.
Риддерде, қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 13:50-де БШМ-де кабель үзіліп, нәтижесінде екінші станциялық қазандық агрегатының ажыратылуына себеп болған. Қала тұрғындары пәтерлердің суық екенін айтып, жаппай шағымдануда.
«Кешеден бастап пәтерлерде суық түсе бастады, ал бүгін өте суық…»Біз балалармен ауруханаларда жаурап жатырмыз”, – деп жазуда қала тұрғындары әлеметтік желіде.
“Қазіргі уақытта қазандық қондырғысы іске қосылды, температуралық кестеге шығудың жоспарланған уақыты — 23:00. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз”, – деп түсіндірді әкімдік.
Бұған дейін апат салдарынан Екібастұз, Ақтау, Балқаш тұрғындары жылусыз қалған.