Бизнес

АӨК және ШОБ азық-түлік индустриясы салалық қауымдастықтары альянсының ҚР Президентіне жолдауы

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы,

     АӨК және ШОБ азық-түлік индустриясы салалық қауымдастықтарының альянсы атынан Сізге тауарларды бақылау-сәйкестендіру белгілерімен таңбалауды енгізу бойынша бейінді мемлекеттік органдардың жаңартылған бастамаларына байланысты жүгініп отырмыз.

Бизнестің таңбалауға қатысты ұстанымы «Атамекен» ҰКП О.Бектенов мырзаға жолдаған 12.11.2024ж. шығ. 14600\-08 хатында көрсетілді. Өз кезегінде Президент кеңесшісі Қ.Есекеев Сіздің атыңызға Қазақстанда таңбалау процесін жеделдету және қадағалауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тауар топтарының тізбесін кеңейту туралы ұсыныстарын жолдады (ҚР Премьер-министрінің тиісті тапсырмалары көрсетілген 20.11.2024 жылғы хаты).

Таңбалау шараларын күшейтудің негіздемесі ретінде 2020 жылдан бастап жобаға енген тауар топтарының нәтижелері бойынша деректер келтірілген. ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің пікірінше таңбалауды экономикадағы байқалмайтын қомақты үлесі  10%-дан 86%-ға дейінгі (сүт өнімдері, қант құрамды сусындар, шырындар, өсімдік майы, алкоголь, сыра және т.б.) тауар топтарына кеңейту керек.

Бизнес жоғарыда аталған тауар топтары бойынша пилоттық жобаларды және заңсыз «сұрқай» айналым деңгейін оң бағалаумен мына себептер бойынша үзілді-кесілді келіспейді:

Сүт өнеркәсібі мен алкогольсіз сусындарға өткізілген пилоттық қорытындылар өнімнің өзіндік құны 29%-ға, ал оның тауарөткізгіш тізбек бойынша одан әрі қозғалысы тағы 10%-ға өскенін көрсетті. Марканың негізсіз құны, яғни өнім бірлігі үшін 3 теңге болғанда, оны, мысалы, аяқ киім сегментінде қолдану шағын кәсіпкерлерде әр жұптан 550 теңгеден бастап бірнеше мың теңгеге дейінгі мөлшерде шығын әкеледі.

Таңбалау бастамашылары ЕАЭО елдерінің табысты тәжірибесін мысалға келтіреді. Алайда, мысалы, Ресей Федерациясында тек бөтелке суы саласында бүгінгі күні таңбалауды енгізу мүмкін емес болғандықтан микро-кәсіпорындардың 60%-дан астамы өз бизнесін жауып тастады, ал нарық қатысушыларына сауалнама жүргізу кезінде респонденттердің 20%-дан астамы бизнестің жабылу мүмкіндігін мәлімдеді.

Қазақстан жағдайында таңбалау арқылы темекі саласындағы заңсыз айналым мәселесін шешу мүмкін болмай шықты: Nielsen деректері бойынша 2021 жылы заңсыз айналым 3%, ал 2023 жылы — 9%-ды құрады. Бұл көрсеткіш темекі индустриясының өкілдері міндетті таңбалауды іске қосуға ерікті және белсенді  ықпал еткеніне қарамастан белең алып отыр. Мемлекеттік органдар таңбалаудың оң нәтижелері ретінде темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесінің жыл сайынғы ұлғаюы есебінен қалыптасатын салық түсімдерінің өсімі жайлы есеп берді.

Уәкілетті мемлекеттік органдар үнемі шағын бизнес сегментіндегі заңсыз айналымға сілтеме жасайды. Бұл ретте олар электрондық коммерцияның дамуы мен масштаб тиімділігіне байланысты шағын бөлшек сауда бәсекелестікке төтеп бере алмайтынын және ҚҚС төлеп, қосымша шығындарды көтермеу үшін сауда айналымын қысқартуға ұмтылатынын ескермейді. Шағын бизнестегі заңсыз айналым мәселесін 01.01.2026ж. қабылдануы тиіс жаңа Салық кодексі және оған енгізілген ШОБ-қа арналған жаңа құралдар ғана түбегейлі шеше алады.

Біз, әрине, мемлекеттің барлық салықтардың толық төленіп, қадағалануын қамтамасыз ету жолындағы іс-шараларын қолдаймыз. Мәселен, ЕАЭО елдері арасында бірінші болып ҚР ҚМ МКК шот-фактураларды жазу арқылы ҚҚС қарсы бақылаудың тиімді әдістерін енгізді. Осы және осыған ұқсас құралдар сәтті дамып, ЭШФ, электрондық кедендік декларация және деректерді беру функциясы бар кассалық аппараттар түрінде цифрлық форматқа көшті. Алынған деректерді талдау қазірдің өзінде тауар топтарының қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оператор — «Қазақтелеком» АҚ пилоттық жобаларының қорытындылары көрсеткендей, «Data Matrix» таңбалауы күрделі, қызмет көрсету қымбат және мәлімделген мақсаттарға жетпеген. Нарықта телекоммуникациялық нарыққа қатысушы-операторлар әрбір QR коды үшін ақы алмайтын, мәселен, ҚР ҚМ «АЕО» АҚ ұсынатын бірқатар техникалық шешімдер бар. Бизнес «көрінбейтін полиция қызметкері» қағидаты бойынша таңбалаудың осындай тәсілдерін талқылауға дайын.

ЕАЭО-ның 02.02.2018 жылғы Таңбалау туралы келісіміне сәйкес жаңа тауар топтарын енгізу туралы шешім қабылдау кезінде барлық рәсімдерді (оның ішінде РӘТ және уәкілетті мемлекеттік органның оң қорытындысын) мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өту маңызды.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Үкіметке төмендегілерді тапсыруыңызды сұраймыз:

таңбалау талабы бар нарықтарға өнім экспорттайтын кәсіпкерлер үшін таңбалаудың ерікті форматы бекітілсін;

тауар топтарына байланысты бірыңғай жеке таңбалау операторы институтының күшін жою мүмкіндігі қарастырылсын («ҰАТ»АҚ үлгісі бойынша);

жаңа тауар топтары бойынша таңбалауды енгізу туралы шешім жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін қабылдансын.

Другие новости

Back to top button