Образование

Антикор ел мектептерінің қаржылық жағдайын тексеріп жатыр

«Министр ретінде қызметке кіріскенде елдегі барлық мектеп директорымен жиналыс өткіздім. Жиында жұмыстың тиісті әрі сапалы деңгейде атқарылу керектігі айтылды. Сонымен қатар мектептерде заңбұзушылықтарға жол бермеу мәселесі де қозғалды. Жуырда Талдықорғанда және Қызылорда (Жаңақорған ауданы) облысындағы мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты шу шыққанын білетін шығарсыздар. Осыған байланысты біздің министрлік осыдан 1 ай бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, бүкіл мектептердің қаржылық жағдайын тексеруді бастап кетті», — деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, тексеру аясында мектептерде болған заңбұзушылықтар бойынша сараптама жасалады.

«Сараптама жүргізу нәтижесінде анықталған фактілер құзырлы органдардың қарауына жіберіліп, тиісті шаралар қабылданады», — дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін Ғ. Бейсембаев мемлекеттік балабақшаларды толығымен қазақ тіліне көшіру жағы қаралып жатқанын мәлімдеген еді.

Другие новости

Back to top button