Главное

Англияға жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалатын болды

Англияға маусымдық жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бұған дейін екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалғаны белгілі. Қазақ-Британ стратегиялық диалогының бүгінгі отырысында сол құжатты ратификациялау барысы талқыланды”, – делінген СІМ хабарламасында.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личтің айтуынша, Британ агенттігімен меморандум жасалып, еңбек мигранттарының құқықтары қорғалатын болды.

«Түркістан қаласында орналасқан көші-қон бойынша халықаралық ұйымның жобасына қолдау көрсетіп жатырмыз», – деді елші Кэти Лич.

Соңғы уақытта Англияға 6 айға маусымдық жұмысқа келуші қазақстандықтар көбейді. Енді олар жергілікті биліктің қорғауында болады.

Другие новости

Back to top button