Android үшін Kaspersky енді хабарламалардағы фишингтен қорғайды

Android үшін Kaspersky қосымшасын жаңартты. Шешімге фишингке қарсы қосымша қорғаныс деңгейі енгізілді: енді ол SMS пен Telegram сияқты танымал мессенджерлерден келетін қалқып шығатын хабарламаларда қауіпті сілтемелер туралы ескертеді. Бұл функция қосымшаның 11.125.4.14396 нұсқасынан бастап қолжетімді.
Жаңа опция қалай жұмыс істейді. Егер пайдаланушы қалқып шығатын хабарламаларды көрсетуге рұқсат еткен қосымшада қаскөйлер фишингтік сілтеме бар хабарлама жіберсе, Android үшін Kaspersky ол сілтемені жасырып, қауіпті екенін ескертеді. Хабарламалар push-хабарлама ретінде де, қосымша ішінде де көрсетіледі — бұл онлайн-алаяқтықтан қорғауды тиімдірек ету үшін жасалған.
Қауіпті сілтемені табу туралы Android үшін Kaspersky хабарламасының мысалы
Жаңа функцияны қосу үшін екі қадамды орындау қажет:
- Android үшін Kaspersky мәзірін ашыңыз: Барлық функциялар → Чаттарды қорғау → Хабарламаларды тексеру.
- Хабарламаларға қолжетімділікті рұқсат етіңіз: Баптаулар → Қолданбалар және хабарламалар → Арнайы қолжетімділік → Хабарламаларға қолжетімділік → Kaspersky → Рұқсат беру.
Жалпы Android үшін Kaspersky үш деңгейлі фишингтен қорғауды қамтамасыз етеді:
- хабарламаларды қорғау — қосымшалардан келетін хабарландыруларда қауіпті сілтемелерді анықтау;
- чаттарды қорғау — СМС пен мессенджерлердегі қауіпті сілтемелерге өтуді бұғаттау;
- интернет-қорғау — браузерлерде URL-адрестерді тексеру және фишингтік сілтемелерге өту әрекеті туралы ескерту.
Киберқатер ауқымы. 2025 жылдың бірінші жартысында «Касперский зертханасының» шешімдері бүкіл әлем бойынша Android құрылғыларында пайдаланушылардың фишингтік және скам-сілтемелерге өтуге 2 млн-нан астам әрекетін бұғаттады. Сарапшылардың айтуынша , қаскөйлер жасанды интеллект құралдарын да пайдаланып, фишингтік схемаларды барынша сенімді етіп жасауда.
«Қаскөйлер жаңа арналарды белсенді қолданып, күрделірек фишингтік және скам-схемаларды әзірлеуде. Олар ақпарат ағынында пайдаланушылардың сақтығын жоғалтып, әсіресе таныс адамнан хабарлама алған кезде алаяқтық сілтемеге басады деп есептейді. Android үшін Kaspersky жаңа функционалдығы қауіпті сілтемелерді танып, пайдаланушыға ескертеді. Бұл жаңалық — браузерлерде, қосымшаларда, мессенджерлерде жұмыс істеу және сөйлесу кезінде жалпы фишингтен қорғау деңгейін арттырады», — деп түсіндірді «Касперский зертханасының» тұтынушылық бизнесті дамыту департаментінің директоры Марина Титова.
Android үшін Kaspersky функциялары туралы толығырақ «Касперский зертханасының» ресми дүкендерінен және сайтынан сайтынан білуге және қосымшаны жүктеп алуға болады.