Кызылординская область

«Анасы тойға дайындалып жүрген»: Байқоңырда бір жарым жасар бала көпқабатты үйдің баспалдағынан құлап кетті

Байқоңырда бір жарым жасар сәби көпқабатты үйдің кіреберіс дәлізіндегі баспалдақтан құлап жарақат алды. Қалалық прокуратура бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істі қазақстандық тарапқа берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Зардап шеккен баланың анасы Байқоңырға Қармақшы ауданы Жосалы ауылынан тойға қыдырып келген. Ведомствоның мәліметінше, әйел баласымен бірге туыстарының пәтерінде болған. Әйел тойға дайындықпен жүрген. «Анасы бір жарым жасар баласының қалай пәтерден шығып, кіреберіс дәліздегі баспалдақтан құлап кеткенін байқамай қалған», — деп хабарлады прокуратура. Басылым мәліметінше, баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті Қазақстан азаматы болуына байланысты іс одан әрі тергеу үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына берілген.

Другие новости

Back to top button