Западно-Казахстанская область

Анасы табылды: Орал дәрігерлері қоқыстан табылған нәрестенің жағдайын айтты

Орал дәрігерлері кеше қоқыс жәшігінен табылған сәбидің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің орташа ауыр деп бағаланып отыр. Шақалақтың ағзасынан улану, гипотермия (жылу алмасуының бұзылуы) және гипогликемия (қандағы глюкозаның төмен концентрациясы) белгілері байқалған.

«Нәресте 15 мл-ден тамақтанып, сүт қоспасын өздігінен сорады. Бүгінде оның салмағы 2 990 грамм, бойы – 52 сантиметр. Мидың КТ бойынша гипоксия белгілері (оттегінің жетіспеуі), жүрек ЭхоКГ бойынша – 0,2 см «ашық сопақ терезесі», ішкі ағзалардың УДЗ бойынша – бауыр паренхимасында (негізгі ұлпада) орташа өзгерістер бар», — дейді дәрігерлер.

Дәрігерлер шақалақтың ауруханаға жеткізілерден 7-8 сағат бұрын дүниеге келгенін айтады.

Еске салайық, бір күн бұрын Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын. Бала дереу ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер шақалақтың биологиялық анасын тапты.

Другие новости

Back to top button