ГлавноеСоциум

Әнару біреудің тапсырысын орындап отыруы мүмкін – Тұраровтың адвокаты

Боксшы Жаңқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, өз қорғауындағы спортшының ісі бойынша ақпарат таратты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Адвокат не дейді

– Бұған дейін пікір айтпаған себептеріміз – сотқа дейінгі тергеу амалдарына кедергі келтірмейік деп ойлағанбыз. Бірақ арызданушы Әнару Құрманәлі өз уәждерін БАҚ-қа сұхбат ретінде беріп, Жаңқош Тұраровтың абыройын түсіруге бағытталған әрекеттерден кейін қысқа сұхбат берейік деп шешім қабылдадық. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жаңқош Тұраров арызданушы Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген және БАҚ-та тараған ақпараттарды растамайды. Бәрі жалған. Ойдан шығарылған деп есептейді. Ақиқат орын алатынына үміт артады, – дейді ол.

Адвокаттың сөзінше, қылмыстық істің тіркеген себептері – зорлық туралы ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодекісінің 32 бабына сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық туралы істер – айыптау істері. Арызда көрсетілген деректерді көрсету үшін сот-дәрігерлік және басқа да сараптамалар өткізу керек.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін арызданушының арызы жалған болып шықса, ауыр қылмыс жасалғаны жөнінде жалған сөз таратса, қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Бұл баптың жазасы 3-8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру. Арызданушының Жаңқош Тұраровқа арыз жазу себептері – бүгінгі күні тексеруде анықталуда. Мүмкін ол танымал болу мақсатында, ақша бопсалау мақсаттарын, Жаңқоштың абыройын түсіруді немесе бөгде адамдардың тапсырысын орындаған болуы мүмкін. Бізде басқа да нұсқалар бар. Осы деректер бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, – дейді ол.

Адвокаттың сөзінше интернет желісінде таратылып жатқан бейнематериалдар мен  түсіп жатқан өзге де ақпараттар бойынша арызданушы Әнару Құрманәлі Жаңқош Тұраровқа арыз беруге 2024 жылдың 19 тамызында түнде мөлшері сағат 22.00 шамасында Әуезов аудандық полиция басқармасына “масаң түрде келген, сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, жартылай жалаңаштанып өзін мінез-құлқын көрсеткен”.

– Бұл бойынша полицияға сұраныс жіберілген. Осы ақпараттарды тексеріп, полиция аумағындағы бейнебақылау камераларынан бейнені алып, іске тіркеп, тексеру жүргізуге, оған құқықтық баға беріп, жаза беру жөнінде біз тергеушіге өтініш жібердік. Әнару Құрманәлінің өз қылықтарына жауап бермейтін теріс қылықтары интернет желісінде тарап жүр. Бұл деректер бойынша тексеру жүргізу туралы тағы да өтініш берілген. Деректер расталса, арызданушыға іс бойынша сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Бізге оның психотроты заттарды қолданады деген ақпарат түсіп жатыр, – дейді ол.

Белгілі боксшы Жаңқош Тұраров «қыз зорлады» деген күдікке ілінген еді.  Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған.

Ал боксшы өзіне негізсіз айып тағылғанын айтты.

Боксшы зорлады деген әйел БАҚ-қа сұхбат беріп, алты жыл бойы алданып келгенін мәлімдеген.

Другие новости

Back to top button