Костанайская областьСайлау2023

AMANAT: 145 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген

Қостанайлық кандидаттар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа таныстыруды жалғастыруда. Осындай үгіт-насихат жұмыстары Федоров ауданында жалғасты.

Ең алдымен кандидаттар «Джаркульский элеватор» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен кездесті. Онда сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы жөнінде кандидат Екатерина Смышляева толығырақ баяндап берді.

– Өңір экономикасының деңгейін көтеру экономика салаларын мақсатты дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда партия облыс аумағында 145 инвестициялық жобаны іске асыруды мақсат етіп отыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ет, сүт өндіру, сондай-ақ құс фабрикаларын салу жөніндегі жобаларды іске асырмақ. Мәселен, 40 сүт-тауар фермасы мен 80 мал шаруашылығы фермасын құру көзделген. Сонымен қатар, 110 астық қоймалары мен көкөніс қоймалары тұрғызылатын болады, — деді кандидат.

Кандидаттар Федоров аудандық ауруханасы ұжымымен де тілдесті. Ақ халатты абзал жандарға медицина саласында атқарылатын ауқымды жобалар таныстырылды.

–Сайлауалды бағдарлама аясында 19 фельдшерлік-акушерлік пункт пен денсаулық сақтау ұйымдарына 31,6 млрд теңге сомаға медициналық жабдықтар сатып алынбақ. «AMANAT» партиясы облыстық онкологиялық диспансердің және қалалық, аудандық ауруханалардың базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға жыл сайын кемінде 48,5 мың скринингтік зерттеулер жүргізуге ықпал етпек. Бұл шаралар халықтың өмір сүру ұзақтығын 69 жастан 73 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30% — ға дейін төмендетуге және жалға алынған және бейімделген үй-жайларда орналасқан медициналық объектілердің санын қысқартуға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік бермек, — деді кандидат Нұркелген Утеулин.

Сондай-ақ, кандидаттар «Қазпошта» аудандық аурухана қызметкерлері мен Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да болды.

Кездесу барысында кандидаттар сайлаушылардың әрбір сұрағы назарға алынатынын айтып, алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Другие новости

Back to top button