Социум

«Алтынбек пен Заманбекті тоқтатауға тырыстық»: Белгілі депутат елдегі жүйе туралы айтты

Бұрынғы парламент мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахманов Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаевтың сайлауға қатысты енгізген өзгерістері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нартай Аралбайұлының Youtubeарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

“1995 дейін жеттік. Нағыз депократиялық жолмен сайланған екі жоғарғы кеңесті күшпен таратты. Назарбаевтың қолшоқпары болып Алтынбек те Заманбек те кетті. Осылай таратып жіберіп, Назарбаев жеке билігін күшейтті. Парламентті жоқ қылды. Сотты тағайындайтын болды. Соттың үні өшті”, –дейді Әбдірахманов.

Ол бірпрезиденттік супер жүйені құруға Нұрқаділов пен Сәрсенбаевтың өзі атсалысқанын алға тартты.

“2005 жылы қайтыс болар алдында Заманбек өзінің ашық хатын жазған еді халыққа. 1993 жылы мен қателесіппін, Назарбаевқа сеніп қалыппын. Жоғарғы кеңес, жергілікті кеңесті таратуда атқарушы, орындаушы Заманбек өзі болған. Соған өкініп халықтан кешірім сұраған еді. Бұл супер жүйенің бір президенттіктіктің жасалуына Тажин бар Алтынбек бар идеолог болған. Алтынбек артынан өкінді. Бірақ істерін істеп кетті”, – дейді Серік Әбдірахманов.

Серік Әбдірахманов марқұм Алтынбек пен Заманбекті тоқтатауға тырысқандарын да алға тартты.

“Мен үш жыл тергеуде болдым. Аштық жариялап, 1995 жылы таратқанда бір топ депутаттар Оразалы Сабденов комитеттің төрағасы тарамаймыз деп, шетелге үнімізді шығарып, хаттар жазып, шамамыз клегенше біраз күрестік.

Другие новости

Back to top button