Главное

Әлназарова жағдайы нашар әйелдерді жүктіліктен қорғау үшін бюджеттен ақша сұрады

Қазақстанда бала сүю жасындағы әлеуметтік осал топтағы әйелдерді жүктіліктен сақтану құралдарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әйелдер мен балалар денсаулығын қолдау үшін жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, аймақтар ана мен баланы қорғау саласындағы нақты міндеттерді орындауға жауапты болуы тиіс. Бұл – әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету, жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға тасымалдау, сондай-ақ медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардан кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға жеткізуге көлікпен қамтамасыз ету, бала сүю жасындағы әлеуметтік осал топтағы әйелдерді контрацепция құралдарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыруды қарастыруды сұраймыз», – деді министр сейсенбі күні өткен ҚР Үкіметі отырысында.

Другие новости

Back to top button