Алматы

Алматылықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Алматыда зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жаланың құрбандарына құран бағыштады. Қала әкімі Ерболат Досаев 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қарағайлы саябағынада өткен іс-шараға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының туыстары мен жақындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Олар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жиналғандар қайғылы оқиғаларды есте сақтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай құрбандықтың болғанын және оларды ұлықтау қаншалықты маңызды екенін де тілге тиек етті.

photo

Түрлі мәліметтер бойынша, 30-шы жылдардағы халық саны өткен жылы 3 миллионнан астам адамға азайды. Еліміздің 100 мыңнан астам тұрғыны саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келеді.
Қуғын-сүргіннен Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері — Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин және басқалар зардап шекті.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бүгін қалада түрлі естелік іс-шаралар, соның ішінде «дөңгелек үстелдер» форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханаларда фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылады.

photo
photo
photo
photo

Другие новости

Back to top button