Атырауская область

Алматылық дәрігерлер Атырауда сирек ота түрлерін жасап жатыр

Совминнің жетекші нейрохирургі Марат Саршаев Атырауда тұңғыш рет экстраинтракраниалды микротамырлық анастомоз немесе бас ми артериясын шунттау отасын жасады.

Мұндай ота Президент істері басқармасының Медицина орталығы күндері аясында жылдың басынан бері еліміздің басрлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр. Медицина күндерінің мақсаты – отандық денсаулық сақтау саласындағы озық технологияларды таныстыру. Алматы ОКА-сының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі өткізген отаның нәтижесінде бітелген тамырды айналып өтіп, бас ми артериясындағы қан ағысын қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Дәрігер самайүсті және мидың орта тамырының арасына анастомоз қояды.

Мұндай ота май түйіншектің пайда болу салдарынан бас ми артериясының тесігі симптомдық бітелуі байқалатын науқастарға жасалады. Асқан шеберлікпен жасалатын ота тек қана микроскоп астында жүреді, өйткені тамырдың диаметрі 0,1 -0,15 см-ден аспайды, осы майда тамырды 10-12 жерден тігу керек.

Совминде мұндай ота түрлері көп жылдан бері жасалады, бірақ Атырауда бұрын-соңды жасалып көрмеген. Марат Саршаевтың шеберлік класының арқасында өңірде осындай ота жасау жолға қойылмақ.

Атырауда алғаш рет тізе және жамбас буынын ауыстыру отасы да жасалды. Отаны ОКА травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Молдағалиев өткізді. Оның айтуынша, Атырауда мұндай ота жасайтын мамандар мен қажетті жабдық жоқ.

«Буын ауыстыру бойынша ота бізде 15 жылдан бері жасалады. Көп адамға қажет бұл отаны Атырауда да күткен кісі қатары біршама. Технология дамыған қазіргі заманда сынған сүйек пен тізені емдеу бұрынғыдай проблема емес. Израилдегі мамандар тіпті сүйек пен бұлшықетті қолдан жасап өсіруді үйренген, яғни сүйек пен бұлшықетті толықтай жасандыларымен алмастыратын күн де жақындап келеді. Біз де осы үрдістен қалыс қалмай, үйреніп, ендіріп отыруымыз маңызды, өйткені біздің де азаматтарымыздың дені сау болуы керек».

Президент істері басқармасының Медицина орталығы күндері заманауи медицина жетістіктерін Қазақстан халқына қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Атырауға тек Совминнің атынан травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі С. Молдағалиев, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев, гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Әлиева, онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ғалия Хорошаш, ақылы медициналық қызметтер бөлімшесінің меңгерушісі Дилярам Разиева, нейрохирург Дәулет Сүйембетов, невролог Ақерке Тәуірбекова, гастроэнтеролог Ләззат Қазанбаева аттанған болатын.

Мамандар Атырауда тізе буынын эндопротездеу және артроскопиясын, жатыр және қосалқыларына лапороскопиялық араласу, экстраинтракраниалды микротамырлық анастомоз, лапароскопиялық адреналэктомия жасап, пациенттерге ондаған консультация берді және әріптестеріне дәрістер оқыды.

 

Автор Полина Шиманская

Другие новости

Back to top button