Алматы

Алматыға жылу қашан беріледі – Әкімдік жауап берді

Алматы қаласының әкімдігі күннің ерте суып кетуіне байланысты жылыту маусымы қашан басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда нысандарда жылуды кезең-кезеңімен қосу сыртқы ауаның орташа тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен болған кезде, уәкілетті органның қаулысы негізінде 5 күннің ішінде қосады”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарда жылу қосылады:

  • Балалар, медициналық, мектеп мекемелері, кәсіптік лицейлер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
  • Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • Басқа ғимараттар.

Бұған дейін мамандар биыл жылыту маусымына дайындық толық әрі тез өтіп жатқанын айтқан еді.

Другие новости

Back to top button