Алматы

Алматыдағы қонақүйде шетелдік қызды өлтіріп кеткен

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде Өзбекстан азаматы мерт болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Оқиға осы жылдың 20 сәуірінде Қарасай ауданында болған. Сағат 14:25 шамасында қонақ үйдің бөлмесінде 26 жастағы өзбекстандық қыздың денесі табылған.

«Оқиға болған жерде тергеу амалдары жүргізілді. Жедел-іздестіру шараларынан кейін 34 жастағы ер адам ұсталды. Ол аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынды», –  деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы полковнигі Бауыржан Аленов.

Қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу барысын өңірлік ПД басшылығы бақылауға алды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.

Другие новости

Back to top button