Образование

Алматыдағы мектептердің бірі «эстетикалық безендіруге» мемлекет қазынасынан 28 млн теңге жұмсамақ

Алматы қаласындағы мектептердің бірі «эстетикалық дизайнға», атап айтқанда фото тұсқағаздарға тапсырыс беруге бюджеттен шамамен 28 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Бұл Алматы қаласы білім басқармасына қарасты «№46 гимназия» КММ-дегі жағдай.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, аталған білім беру мекемесі көрсетілген соманы эстетикалық безендіруге қатысты қызметтерге жұмсауды жоспарлап отыр.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, дизайнның негізгі элементі – фототүсқағаз болмақ.

Көрсетілген қызметтерді ұсынуға арналған конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Другие новости

Back to top button