Алматы
Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің 14-қабатынан 19 жастағы қыз құлап кетті
Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Жас қыз «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің 14-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан видео Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Оқиғаға Алматы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Құқық қорғау органдары істің толық мән-жайын ашпады. Тек марқұмның 19 жаста екені ғана белгілі.
«Аталған факті бойынша Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімшесінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі анықталуда», — деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.