Алматы

Алматыдағы «Атакентте» жаппай төбелескен студенттер ұсталды

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ

Алматыда жаппай төбелес ұйымдастырған студенттер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қалалық Полиция департаменті мерекелік іс-шараны тойлап жатқан ЖОО-лардың бірінің студенттері өзара төбелескенін хабарлады. Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.

«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі», – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

 

Другие новости

Back to top button