Алматы

«Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жүк көлігімен болған жол апаты»: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шеккен. Оның үшеуі ересек, төртеуі бала.

«Бір ересек адам оқиға орнында ауруханаға жатқызудан бас тартты. Екеуі жедел жәрдем қызметімен қалалық клиникалық аурухана мен орталық клиникалық ауруханаға бас-ми жарақатымен және дененің жұмсақ тіндерінің көгеруімен жеткізілді. Барлық медициналық тексерулерден кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді», – деді денсаулық сақтау басқармасы.

Төрт бала Балалардың жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.

«Барлық қажетті медициналық тексерулер жүргізілді, арнайы мамандар тексерді. Тексеру кезінде бас-ми жарақаты мен нейрохирургиялық патология деректері анықталған жоқ. Барлық 4 науқас дененің жұмсақ тіндерінің контузиясы диагнозымен амбулаторлық емдеуге жіберілді», – деп қосты қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, бір күн бұрын бордюр тиелген жүк көлігі Әл-Фараби даңғылының қарсы жолағына шығып кетіп, бірнеше көлікті соққан болатын. Желіде апаттың видеосы пайда болды.

 

Другие новости

Back to top button