Госорганы
Алматыда зілзаланы ерте хабарлайтын 28 сейсмостанса тест режимінде істеп тұр
Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 2023 жылдың соңында автоматтандырылған ерте хабарлау жүйесі бар 28 сейсмостансаның құрылысы аяқталған.
Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асты: 2022 жылы — 11, 2023 жылы-17 сейсмостанса салынды.
«Қазіргі уақытта жүйе тәжірибелік пайдалануға қабылданды, шетелдік тәжірибе бойынша апробация кезеңі мен сынақтан өтуде. Жүйенің сынақтан өту мерзімі шамамен алғашқы жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады» деп хабарлады ТЖД.