Алматы

Алматыда Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Бүгін Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс-шараның ашылу рәсіміне тұрғындармен қатар қоғам қайраткерінің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова және ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.

Заманбек Нұрқаділов кім

Заманбек Нұрқаділов 1944 жылы Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. ҚазПТИ-ді (политехникалық институт) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. Кеңес өкіметі тұсында еңбекке араласып, құрылыс бригадирінен Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысына дейін өскен. Алматы қалалық кеңесінің төрағасы, Алматы қаласының әкімі, Мәжіліс депутаты болды, Алматы облысы мен төтенше жағдайлар агенттігін басқарған.

Заманбек Нұрқаділов Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңадан құрылған жас мемлекеттегі беделді саясаткерлердің бірі болды. Алматы қаласы атқару комитетінің төрағасы, бүгінгі тілмен айтқанда, қала әкімі болды.

Алғашында Нұрқаділовтың мансабы бірыңғай өсіп келе жатты. Бірақ 1990 жылдардың ортасында жоғары жақтың көзқарасы өзгеріп,  Заманбек Қалабайұлы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы мінез көрсете бастады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Нұрқаділов Нұрсұлтан Назарбаевтың үзеңгілес жолдастарының, сенімді серіктерінің бірі болды, ол Назарбаевқа сол кездегі ықпалды Парламент — Жоғарғы Кеңесті қолына алуына және билігін нығайтуға көмектесті.

Іс қайта қарала ма?

2022 жылдың наурыз айында Нұрқаділовтың ұлы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына әкесінің өлімін саяси кісі өлтіру ретінде тергеп-тексеруді талап етіп, арыз жазған. Бас прокуратура «тергеу органы қаулысының күшін жоюға негіз жоқ» деп істі қараудан бас тартты. Ал енді әкесінің асында Қ.Тоқаевтың «Нұрқаділовтің  есімін ұлықтау» туралы сөзінен кейін іс қайта ашылуы мүмкін.

Айта кетейік, Тоқаев бұл қадамға Назарбаевтың көзі тірісінде барып отыр.

Осы орайда Заманбек Нұрқаділовтың Тоқаев премьер-министр болып тұрған кезінде айтқан сөзін келтіре аламыз:

– Тоқаевты қанша сынаса да, оның үкіметі – әлдеқайда жақсы жұмыс істеп жатыр. Әрине, 100 пайыз дей алмаймын, алайда өзінен бұрынғыларға қарағанда бір бас жоғары.

Жалпы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қудалауынан зардап шеккендер мен құрбан болғандардың барлығына ескерткіштер орнатсақ, онда ол тұтас бір мемориалға айналар еді.

Еске салсақ, Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алу асында төбе көрсетпен болатын.

Другие новости

Back to top button