Алматы

Алматыда үш жігіт кинотеатрда 20 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда үш ер адам мегаполистегі кинотеатрлардың бірінде 20 жастағы қызды зорлаған. Бұл туралы ақпарат «Не молчи» қоғамдық ұйымының әлеуметтік желідегі аккаунттарында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған қылмысқа қатысты пікір білдірді. Ведомство ақпаратынша, қазір жан-жақты тергеу жұмысы жүріп жатыр.

2002 жылы туған Қ. атты бойжеткеннің арызы ҚР Қылмыстық кодекстің 120-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген.

Іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабы талабына сай сотқа дейінгі тергеу істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған.

«Сонымен қатар осы кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексі 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденіп, белгіленгенге дейін күдіктілер кінәсіз деп есептеледі», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Другие новости

Back to top button