Алматы

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кетті

Күзетші мен үй тұрғындарының бірі жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеліп соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталуды”, – делінген хабарламада.

Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялаған видеодан жол талғамайтын көлік жүргізушісінің күзетшіні бірнеше рет қатты жылдамдықпен қаққанын көруге болады.

Другие новости

Back to top button