Главное
Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полицияның өзі «таяқ жеді» (видео)

Алматыдағы “Театралка” маңында екі топтың жігіттері сөзге келіп, төбелесіп қалды. Жігіттпрдің жаға ұстасқан сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды.
“Театралкаға” келген қонақтары арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жаға ұстасқан жігіттерді ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған.
“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді қалалық полиция.