Алматы

Алматыда терезеден секіріп көз жұмған қыз — қырғыз азаматшасы

ІІМ басшысының орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Алматыда терезеден құлап кеткен қыз — Қырғызстан азаматы. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске салсақ, кеше Алматыда жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, содан кейін төменге құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Төтенше жағдай 26 маусым күні таңертең «Теремки» ТК-де болды. Куәгерлер қыздың жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, аяғын сермеп, төмен түсіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

Полицияға оның өзін-өзі өлтіргені туралы хабарланды.

Другие новости

Back to top button