Госорганы

Алматыда тағы жер сілкінісі қайталануы мүмкін бе

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға тұрғылықты жеріне қайта беруге болады деп ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Кезектен тыс алқа отырысының қорытындысы бойынша Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының  сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы болжамды полигонының аумағында *күшті жойқын жер сілкінісінің ықтималдылығы 70% — ға күтілмейтінін, алайда қауіп төндірмейтін қайталама жер тербелістері болуы мүмкін екенін ескере отырып, қорытындылады. Жоғарыда аталған комиссияның шешімі негізінде ТЖД тұрғындарды тұрғылықты жерлеріне қайтуы мүмкін деп шешім қабылданды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зілзала қайталануы мүмкін

Бүгін сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды.

Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған.

ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді.

Бұл жолғы жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Еске салайық, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз, — деді ол.

Другие новости

Back to top button