Главное
Алматыда самокатқа міңгесіп алған екі бала кішкентай сәбидің арбасын құлатып кетті (ВИДЕО)

Алматыда бір самокатқа міңгесіп алған екі жасөспірім серуендеп келе жатқан ата-ананың зәресін ұшырды: қатты келе жатқаны соншалық, олар адамдардың жанына келгенде тоқтай алмай, сәби жатқан арбаны аударып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абырой болғанда, сәби жараланбаған екен. Алайда, ата-анасының зәресі ұшып, оқиға орнына полиция шақырған. Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, полиция оқиғаға қатысты комментарий берді.
«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция Басқармасы екі жасөспірімді анықтады. Оларға жеке мобильді құрылғыларды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді, ал олардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолдандық», — деп хабарлайды Алматының полиция департаменті.
Құқық қорғау органы екі балаға ескерту жасап, босатқан.