Главное
Алматыда самокат мінген екі бойжеткенді автобус қағып кетті (ВИДЕО)

Алматыда электросамокат мініп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан екі бойжеткенді автобус қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, жол апаты 3 қыркүйек күні Алмалы ауданында күндіз болған.
«Foton маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып электросамокатқа мініп, жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. 2008 жылы туған екі қыз ауруханада», — деп хабарлаған Алматының полиция департаменті.
Бүгін әлеуметтік желіді жол апатының видеосы таралды.