Алматы

Алматыда қоймадан ірі өрт шықты

Алматыда Алмалы ауданындағы қоймада ірі өрт орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өрт жексенбі кешке Әуезов көшесі, 2/8а мекенжайында болған. Өрт сөндірушілер жалпы алаңы 500 шаршы метрден астам құрылыс материалдарын, оның ішінде лак-бояу өнімдерін сақтайтын қоймада жалын болғанын анықтады.

Өрттің көрші қоймаларға таралу қаупі төнді. Өртті толық сөндіруді битум, бояу сынды жанғыш өнімдер қиындатты.

Оқиға орнына штабтың жұмысы жұмылдырылып, үш өрт сөндіру аймағы құрылды. Барлау және өртті сөндіру кезінде үш оттегі және төрт газ баллоны табылып, эвакуацияланды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт 22:34-те оқшауланып, 22:50-де сөндірілді.

Өртті сөндіруге 21 бірлік техника, 100-ден астам адам және қалалық өзара әрекеттесу қызметтері жұмылдырылды.

Еске салсақ,  30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button