Алматы

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы қымбаттады

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Атап айтқанда, «Оңай» картасымен немесе QR-код арқылы төлем жасағанда жол жүру ақысы 100 теңгені құрайтын болады, яғни баға 20 теңгеге қымбаттайды. Қолма-қол төлемде жол жүру құны – 150-ден 200 теңгеге дейін көтеріледі. Еске салайық жаңа тариф 9 тамыз күні қала мәслихатының 7-ші сессиясында бекітілгені туралы да жазған едік. Ал, 10 тамыз күні Алматы әкімі Ерболат Досаев жолаушыларды тасымалдау тарифтерін көтеру туралы қаулыға қол қойған болатын. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тасымалдаушылар шығындарының артқанына қарамастан, мегаполисте жолақы 11 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген.

Другие новости

Back to top button