АлматыГлавное

Алматыда қаза болған екі оқушыға қатысты тың дерек шықты

Алматыда шатырдан құлап, сол жерде қайтыс болған екі оқушының бірі-белгілі экологтың қызы екені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда жан түршігерлік қайғылы оқиға орын алды. Екі оқушының денесін тұрғын үй кешенінің бірінен жергілікті тұрғындар тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, қыздар көпқабатты ғимараттың төбесінен құлаған.

НЕ АНЫҚ?

Оқиғаның себептері әлі белгісіз, бірақ қайтыс болған қыздардың бірі Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.

Біздің қызымыз қайтыс болды. Шатырдан құлады. Бұған дейін қала бойынша көптеген баланың шатырдан құлағаны белгілі. Біз оқиғаның видеосын күтеміз. Қаладағы үйлердің шатырына шығу ашық-шашық жатыр, — деді ол Ulysmedia-ға.

Евгений Мұхамеджанов — Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.

Другие новости

Back to top button