Социум
Алматыда қатты аптақ ыстық күтілуде: ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 7-9 маусым аралығында ауа температурасының 35-37 градусқа дейін көтерілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖД келесі негізгі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Мүмкіндігінше күн сәулесінің астында болмауға тырысыңыз. Есіңізде болсын, күннің ең белсенді түсетін уақыты 12:00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта;
- Жабық киім мен күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз.
- Алкогольді сусындар ішпеңіз, ыстықта оның организмге әсері айтарлықтай күшейеді.
- Мүмкіндігінше көп сұйықтық ішуге тырысыңыз, себебі су салқындауға қажет тепе-теңдікті ұстап тұруға көмектеседі (салқындатылған су, минералды су).
- Физикалық белсенділікті азайтыңыз, себебі ол тершеңдік, терінің бозаруы мен құрғақтануына әкеледі.
- Автокөлікпен ұзақ сапарларға шығуға шектеу қоюға тырысыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, жолда абай болыңыз. Өйткені қатты ыстықта өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін.
- Балаларды автокөлікте жалғыз қалдырмаңыздар. Балалар ыстықтан есінен танып қалуы мүмкін.