Алматы
Алматыда подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2024/03/65e54691b7a59150712310-780x470.jpg)
Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған.
«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.
Еске салайық, жуырда ғана Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес педофильдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.