Главное
Алматыда оқушы қызды қатарластары соққыға жығып, қабырғасын сындырған (ВИДЕО)
Жуырда Алматыдағы саябақта жасөспірімдер қыз баланы топ болып ұрып, қабырғасын сындырған. Полиция төбелескендерді тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминал Қазақстан» Telegram арнасында жасөспірім қыз баланы қатарластары топ болып, ұрып-соғып жатқан видео пайда болды.
Мәліметке сәйкес, жәбірленушінің қабырғалары сынып, миы шайқалған.
Алматы полиция департаменті қазірдің өзінде Жетісу ауданында болған төбелеске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың да ата-анасы балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жауап берді ПД.
Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.