Алматы
Алматыда оқушы өз-өзіне қол салды
Алматыда мектеп оқушысы өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Кейбір деректер бойынша, 2009 жылы туған бала өз үйінің жанында асылып өлген.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында суицид жасаған оқушы қыз туралы белгілі болған еді. Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында өзіне қол жұмсаған 9-сынып оқушысының туыстары қыздың соңғы уақытта онлайн ойынға әуес болғанын айтты. Полицияға жасөспірімнің суицид жасағаны туралы оның туыстары хабар берген. Олар қыздың денесін гараждан тапқан.